Баспасөз хабарламасы

25 желтоқсан, 2018

2018 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы Төралқасының «Ұлы даланың 7 қыры: тарихи өткенді әлеуметтік және заманауи тұрғыда оқу» атты кеңейтілген отырысы өтеді.

Аталмыш шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруда.

Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласы қоғам, ғылыми орта және сарапшылар тарапынан кеңінен қолдау тапты. Түрлі гуманитарлық бағыт өкілдері қазіргі Қазақстанның аумағын мекендеген көне халықтардың өткені арқылы ел тарихын қазіргі заманғы көзқарас тұрғысынан қарастыру үшін жаңа зерттеу нысандарын табуда.

Отырыс жұмысына жетекші қазақстандық сарапшылар – әлеуметтанушылар, тарихшылар, саясаттанушылар, археологтар, этнологтар, мәдениеттанушылар мен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады. Негізгі спикерлер: «BISAM Central Asia» компаниясының президенті Леонид Гуревич, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Леся Каратаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева.

Отырыс қатысушылары тарихты тану және заманауи қоғамтанудағы негізгі үрдістерді; тарихи ғылымның дамуы мен сананы жаңғырту; отандық тарихи әлеуметтанудың қалыптасу қажеттілігі және инновациялық технологиялар мен интерактивті әдістемелер арқылы «Ұлы даланың жеті қырының символдық мәні мен мағынасын ашу мүмкіндіктерін талқылайды.

Шара аясында қатысушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дайындаған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты тарихи-көркемдік экспозициямен танысады.

 

Өтетін күні және уақыты: 2018 жылғы 28 желтоқсан, сағ.10:00-12:00.

Тіркеу уақыты: сағ. 09:30-да.

Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71/27, ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы, 4-қабат, №409 конференц-залы.

 

Аккредитация және отырыс жұмысына ақпараттық қолдау бойынша байланыс:

  •    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметінің жетекшісі Дүйсебаев Дәурен Құмарханұлы – 8 70 270 0777, 8 (727) 377-31-48;
  •    Алматы қаласындағы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ өкілдігінің жетекшісі Абен Асел Серікқызы – 8 (727) 262-01-17 электронды   поштасы: .