КОРЕЙ ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

27 желтоқсан, 2018

Корей Республикасының Корейтану академиясының шетелдегі корей әдебиетін зерттеуге бағытталған 3-жылдық жобасының қолдауымен Шығыстану факультетінде "Шетелдегі корей әдебиетінің зерттелуі: мәселелер, тенденциялар және оның келешегі" атты халықаралық конференция өтті.

Бұл конференцияға 4 мемлекеттің (Қазақстан, Қытай, Ресей және Корея Республикасы) корейтанушы ғалымдары қатысты.

Жобаның жетекшісі профессор Сафронова Людмила өз сөзінде: "Бұл жоба басталғалы екінші жыл болып жатыр. Жоба мүшелері үлкен жұмыс атқарып, қойылған мақсаттардың көпшілігі жүзеге асырылды. Жобаның алғашқы жылында 3 кітап басып шығарылып, қазіргі кезде осы жобаның аясындағы екі дипломдық бағдармала бойынша екі магистрант Кореяда магистратурада оқып жатыр. Бұл дегеніміз ҚазҰУ- дың корейтану аясындағы фундаментінің нығаюына мысал бола алады. Біз осы шараның арқасында конференция мүшелері пайдалы мәліметтермен бөлісіп, жобаның болашақта нәтижелі аяқталуына көмегі тиеді деп үміттенеміз" деп айтып өтті.

"Менің ойымша бұл шара Қазақстандағы корей әдебиетінің дамуы мен корей әдебиетіне байланысты кітаптардың көбеюіне септігін тигізеді. Бүкіл әлемдегі корейтанушы ғалымдардың терең зерттеулері мен жұмыстарының нәтижесінде корейтануға деген түсінік академикалық және объективті аспектіде жақсарады деп сенемін. Сонымен қатар осы конференция корей әдебиетін зерттеу және білім беру бағытында жаңа ақпараттармен бөлісетін алаңы болуына тілектеспін" деп Алматы қаласындағы Корей Республикасының консулдігінің вице-консулы Ли Джун Хо өз пікірін білдірді.

Аталған іс-шара шетелдегі корейтанудың зерттеулерін ұсынумен қатар корейтанушы-әдебиетшілердің бір-бірімен тәжірибелері мен білімдерімен бөліскен маңыздылығы жоғары конференция болды.

Қиыр Шығыс кафедрасы