Отандық жоғары мектеп халықаралық білім кеңістігінде белсенді түрде әрі айқын мақсатпен интерграция үрдісін жүргізіп келеді. Бұл бағытта Қазақстан жоғары білімінің алдындағы стратегиялық сұрақтардың бірі халықаралық білім бағдарламасы аккредитациясынан өту, дипломның нақты мүмкіндігіне жету және ЖОО түлектерінің мабильді кәсібилігін арттыру болып табылады.
Жақында ASIIN (Германия) халықаралық аккредитациялау агенттігінде бакалавр, магистартура сатысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті он білім бағдарламасы негізінде аккредитациялау жұмысын сәтті аяқтады. Аккредитациядан өткен бағдарлама жаратылыстану ғылымдары негізінде «Биология», «География», «Математика», «Физика», «Химия» саласын қамтиды.
Халықаралық аккредитацияға дайындық әрі өткізу жұмыстары бойынша ҚазҰУ-дың рейтинг және аккретидация бөлімі жоғарыда аталған мамандықтарға орай факультеттермен талдау жұмыстарын жүргізді. Талдау нәтижесі ASIIN агентствасына жіберілді. Онда бағдарлама мақсаты, мамандықтар сипаты, қажеттілік, оқу үдерісіндегі академиялық саясат, сапаны бақылау механизмі, білім сапасын қадағалау жолы, университеттің және сәйкес факультеттердің материалдық-қаржылық ресурстары, т.б. жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар есепте оқытылатын пәндердің сипаттамасы және оқытушылар анкетасы ұсынылды.
Өткен жылы білім беру бағдарламалары аудитін өткізу үшін және аккретидация жұмыстары бойынша ASIIN агентствасы ҚазҰУ-ға келген болатын.
Білім бағдарламаларының аккредитациядан өткендігі және 2015 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі жарамды мерзімде екендігі туралы 2010 жылдың 1 қазанында ASIIN агентствасы аккредитациялық сарапшылары хатшылық комитетінің шешімінен белгілі болды.
ҚазҰУ-дың білім бағдарламаларынан сәтті аккредитациялануы Қазақстан Республикасының білім кеңістігін әлемдік беделге көтеруге себеп болмақ.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі