Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі
10 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, Еуропалық Ақпараттық Орталық, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі» атты «дөңгелек үстелі» өтеді.
Ғылыми форум «2010: Қазақстан – ЕҚЫҰ Төрағасы» атты үш жылдық жобаны жүзеге асыру аясында ұйымдастырылады және ҚР Президенті Әкімшілігінің бағдарламасына енгізілген.
Шараға Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы А. Кельчевский, жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар, ҚР-да тіркелген дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысатын болады.
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін орны: Халықаралық қатынастар факультетінің конференц-залы.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі