ҚазҰУ-ға Түркия университеттерінің делегациясы іс-сапармен келді.
10 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Сулеймен Демирел университетінің (Түркия Республикасы) ректоры, профессор Месут Ақгүлдің басшылық етуімен түрік делегациясы сапармен келді. Делегация құрамында - профессор Шериф Али Текалан, Фатих университетінің ректоры, профессор Фарух Шен – «Түрік-неміс» қоғамдық қорының президенті, Сулеймен Демирел университетінің профессоры – Мұрат Қарагөз (Түркия), Асқар Жұмаділдаев (Қазақстан), сонымен қатар, Сүлеймен Демирел университетінің проректоры, профессор Дандай Искхакоглы, Йылмаз Матылмаш – Сүлеймен Демирел университетінің бас кеңесшісі және доктор Мұхтархан Оразбай – Сүлеймен Демирел университеті ректорының кеңесшісі. Делегацияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов қабылдады.
Сүлеймен Демирел университеті Түркияның Испарта қаласында орналасқан қоғамдық университеті болып табылады. Университет негізі 1992 жылы қаланған. Студенттердің жалпы саны - 39000. Университет Түркияда көлемі бойынша төртінші орын алатын жоғары білім беру мекемесі болып табылады. Ауыл шаруашылығы, инженерия, медицина және бизнес салаларындағы өзінің зерттеу бағдарламаларымен танымал. Сондай-ақ, Еуразиялық университеттер қауымдастығы мен Еуропа Кеңесі оқу бағдарламаларының (Erasmus Mundus, Tempus және т.б.) мүшесі болып табылады.
Сүлеймен Демирел атындағы университет 15 факультет пен қоршаған ортаны қорғау, биотехнология, энергетика және технология салаларында жұмыс атқаратын 29 ғылыми-зерттеу орталықтарынан тұрады. 15 елдің 30 университетімен қарым-қатынас орнатқан. Өз уақытында Гайдар Алиев (Әзірбайжан Республикасының бұрынғы президенті), Йержи Бузек (Польша Республикасының бұрынғы премьер-министрі), Рауф Денкташ (Солтүстік Кипр Түрік Республикасының бірінші президенті) сияқты және басқа да атақты тұлғалар осы университеттің түлектері болып табылады.
Кездесу барысына Сүлеймен Демирел атындағы университет ректоры Түркияның білім беру жүйесі туралы презентациясын ұсынып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жалпы Түркия оқу орындарымен және жеке алғанда Сүлеймен Демирел Университетімен ынтымақтастығының басты бағыттары мен басымдықтары, PhD саласында білім алмасу жөнінде ұсыныстары айтылды. «Түрік-неміс» қоғамдық қорының президенті Фарух Шен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан Фатих атындағы университеттің түрік ғылыми зерттеу орталығын ашуды ұсынды.
Аталмыш сапар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру саласында жеткен жемісті жетістіктердің әлем алдында мойындалуы деп білеміз.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі