ҚазҰУ жастары ҰОС батырларын еске алу шарасы
15 қарашада сағат 14.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы университеттің әскери кафедрасымен бірлесе отырып Алматы қаласы әкімшілігі жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі Комиссияның қолдауымен «Сіздердің ерліктеріңіз халық жадында мәңгілік сақталады» атты іс-шарасын өткізеді. ҰОС ардагері, панфиловшы-жауынгер, Алматы қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, полковник Г.М. Визиряко қатысады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың ірі оқиғаларының бірі - Мәскеу үшін болған шайқас. Осыдан 65-жыл бұрын, 1941 жылдың қазан айының ортасында Волоколамск жолында ауыр шайқастардың бірі болды. 16 қазанда генерал И.В.Панфилов дивизиясының политрук В.Г. Клочков бастаған 28 жауынгер Дубосеково разъезінде неміс басқыншыларының танкісіне қарсы тұрды.
Дубосеково разъезіндегі шайқас 28 панфиловшылардың асқан ерлігі ретінде мәңгі тарих парақтарына жазылды. Олардың барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Өз Отанын қорғап, жер бетіне бейбітшілік орнату үшін, болашақ ұрпақтың бақыты үшін күрескен батырлар, майданда қаза болған жауынгерлердің ержүректілігі, төзімділіктері мен қайсарлықтарына арналады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі