Мұнай кен орны өңдеу саласындағы бастаушы компания халықаралық еңбек нарығына мамандар дайындайды

17 қараша, 2010

Мансап секторы және АДЖИП ККО компаниясының субмердігерлігі Сайпем С.п.А компаниясы палубалы офицер, кемелік механик мамандықтар бойынша оқыту мақсатымен түлектер арасында іріктеу жасайды. Кандидаттардың оқуы Оманның Халықаралық Теңіз Колледжінде 5 жыл аралығында өтеді. Оманның Халықаралық Теңіз Колледжі студенттерді халықаралық деңгей жобаларында жұмыс істеуге дайындайды. Осы мақсатпен математика және ағылшын тілінің жақсы, білімді барлық факультет студенттері қарастырылады. Кандидаттарға келесі жағдай қарастырылады: стипендия, баспана, тамақтану, жол жүру, визаны дайындау. Оқу аяқталысымен Сайпем компаниясы олармен 5 жылға еңбек келісім-шартына отырады. 19 қарашада Saipem компаниясының презентациясы және кандидаттар арасында ағылшын тілінде математикадан тестілеу өтеді.

Барлық қатысушыларға 19 қарашаға дейін Мансап секторында тіркелу қажет – Ректорат, 1 қабат, Кеңес беру орталығы, тел. 377-33-63, 377-33-73.

Мансап секторы

Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент