«Алтын күз»

20 қараша, 2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінде қараша айының 12-ші жұлдызында «Алтын күз» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: қатысушыларымыздың шеберлілігі мен алғырлығын көрермен қауымға жеткізе білу.

Сайыстың шарттары:

1-Таныстыру,2-Өнерлерін көрсету,3-Күз бейнесін келтіру, 4-Белгілі бір әнге сәйкес сахнада көрініс көрсету.

Сайысқа он жұп қатысты Қатысушылардың ішінен ең алғырлары және өнерлілері топтан озып шыға білді. Сайыстың шартына сәйкес бірінші курс студенттері қатысты. Қазахи әндер айтылып, көрермендер арасында ойындар ойнатылды. Жұптар өз көрсеткен өнеріне сай жүлделерге ие болды. Барлық көрермендер,әділқазылары, қатысушылар бұл сайыстан жақсы әсер алды.

Қорытынды:Әр жұп өз өнерін толық аша білді,атына заты сай «Алтын күз» бейнесін келтіре білді,- деген қорытындыға келдік. Тағы да механика-математика факультеті білім мен өнерді қатар алып жүре алатындығын көрсете білді.