- Басты бет
- Жаңалықтар
- Профессор Ғ.Ы. Баймурзиннің 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Профессор Ғ.Ы. Баймурзиннің 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетіндегі қылмыстық құқық және криминология кафедрасы мен қылмыстылықпен күресу проблемаларын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы профессор Ғ.Ы. Баймурзиннің 80 жылдығына арналған «Қылмыстық саясат: XXI ғасырда қылмыстылықпен күресудің стратегиясы және тактикасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты – ғалымдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлестірілген қылмыстық саясатты қалыптастыру мәселелеріне келесі бағыттар бойынша назарын аудару:
- криминологиялық саясат;
- қылмыстық-құқықтық саясат;
- қылмыстық-процессуалдық саясат;
- қылмыстық-атқару саясаты;
- жедел-іздестіру қызметі саласындағы саясат;
- әкімшілік-құқықтық саясат.
Ғылыми форум кезінде қолданыстағы заңнаманы және қылмыстық саясатты ізгілендіру немесе оның мақсаттарын тиімді жүзеге асыру тенденцияларын ескере отырып, қылмыстылыққа қарсы іс-әрекет аясында құқық қолданушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру жоспарланады:
- стратегиялық - қоғамның нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тактикалық - қылмыстылықты тежеу және оны әлеуметтік қолайлы деңгейде ұстап тұру.
Конференцияның жұмысына ҚР және шет мемлекеттердің маман-сарапшылары, белгілі ғалым-заңгерлер, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары мен өкілдері: ҚР Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің Төрағасы Б.М. Имашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Р.Ж. Мұқашев, ҚР Әділет министрі Р.Т. Түсіпбеков, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов, ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә. Мәми, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.Ә. Әбіқаев, ҚР Ішкі істер министрі С.Н. Баймағанбетов, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы М.Т. Әлімбеков, ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов және т.б. қатысады деп күтілуде.
Конференция 26 қараша 2010 жыл, сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоратының конференц залында (15-қабат) өткізіледі.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі