ҚазҰУ ректоры мен ICREMER делегациясының кездесуі өтті

24 қараша, 2010

24 қарашада ҚазҰУ-дың Отырыс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов Акита университетінің (Жапония) профессоры Тошио Мизута бастаған Минералды және Энергетикалық Ресурстарды Зерттеу бойынша Халықаралық орталықтың (ICREMER) делегациясымен кездесті. Сонымен қатар, жапон делегациясының құрамын доктор Тсиуоши Адачи (ICREMER) мен доктор Нобуики Масуда (ICREMER) толықтырды. Меймандарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев, профессор Зұлқайыр Мансұров және биология, физика факультеттерінің декандары қарсы алды.

2009 жылдың 1 қазанында құрылған, сондай-ақ Акита университетінің жанында жұмыс істейтін Орталық Жапонияның ең үлкен архипелагы – Хонсю аралындағы Акита профинциясының астанасы Акита қаласында орналасқан. ICREMER ғылыми-зерттеу орталығы инженерия және энергетика салаларында жапондық, шетелдік студенттер мен магистранттарды оқытып, кәсіби мамандарды дайындаумен айналысады.

Орталықтың құрылу мақсаты Жапонияның шикізатпен қамтамасыз етуші Африка және Азия елдерімен достастық қатынастарын орнатуға бағытталған. Қазіргі уақытта орталық әлемнің 15-тен астам елдеріндегі ғылыми-зерттеу орталықтармен ынтымақтасуда.

Кездесуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жапонияның білім және ғылым орталықтары арасындағы, атап айтқанда ICREMER орталығымен әріптестік байланысты нығайту жұмыстары қаралды. Мәселен екіжақты маман алмасу, студенттер мен магистранттарды оқу тәжірибесіне жіберуге жол ашу сияқты өзекті мәселелер ескерілді.

- Біздің университет бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайын. Осы уақытқа дейін де Жапонияның бірнеше университеттерімен әріптестік қарым-қатынастамыз. Сіз арқылы ректорларыңызды бізге қонаққа шақырамын. Бүгінгі күні біздің университеттен алты маман Жапония университеттерінде біліктілігін арттыруда. Патент қорғалуы, интеллектуалды жекеменшік, лицензиялау жұмыстары бізді қызықтырады, осы жөнінде тәжірибе алмасуды қарастырсақ», - деді Ғалымқайыр Мұтанұлы.

Кездесуге қазұулық студенттерге атомдық энергетикадан 2 апта бойы дәріс оқыған жапондық профессорлар да қатысты.

Профессор Тошио Мизута өз кезегінде қазақ-орыс-жапон халықаралық конференциясын келесі жылы ҚазҰУ-де өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, Акита университетіне шақырып, сол жерде қарастырылатын мәселелерді кеңірек талқылап, келісім-шарт жасауға да мүмкіндік болатынын атап өтті.

Кездесу соңында екі жақтан естелік кітаптар мен сыйлықтар тапсырылды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі