Түркі жазу мейрамы

26 қараша, 2010

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің 1-курс студенттері «Түркі жазу мейрамын» атап жатыр. Дат ғалымы Вильгельм фон Томсен бүкіл әлемге 1798 жылы Орхон және Енисей өзендерінің бойынан табылған белгісіз руникалық жазуды түркі халықтарына жататындығын дәлелдеді. Ол «тәңір» және «түрік» сөздерінің оңнан солға қарай оқылатынын дәлелдеп, ғылыми жаңалық ашқан болатын. Сондықтан жыл сайын шығыстану факультетінің студенттері «Түркі жазу мейрамын» өткізуді дәстүрге айналдырған. Қатысушылар бұл мейрамның келешекте әлемдік мәртебеге ие болып, барлық түркі тілдес елдерде тойланатындығына үміт артып отырғандығын айтады.

Мерекелік шара сайыс түрінде өтеді. Студенттер қазақ, ұйғыр, түрік, қырғыз, өзбек атты бес топқа бөлініп, таныстыру, ән мен би байқауы, салт-дәстүрі, ұлттық тағамдар әзірлеу, үздік капитан сайыстары бойынша бақ сынасатын болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі