Алматы қаласы өнеркәсіп және кәсіпкерлер басқармасының қолдауымен 2010 жылдың 25 қарашасында сағат 11-00-де әл-Фараби жанындағы Қолданбалы лингвистика және мәдениаралық байланыстар орталығында TEMPUS PERSEUS бағдарламасы аясында «Білім-Ғылым-Өндіріс» Дөңгелек үстелі өтті. Онда университеттің ғалымдары, қазақстандық және шетелдік өнеркәсіп орындары мен қоғамдық ұйымдарының Kookmin Bankтың, POSCO, LG, ҒЗИ –дың өкілдері және оқытушылар қатысты.
Бұл өткізілген шараның негізгі мақсаты ЖОО-ны сапалы білім беруге, корпоративті байланыстар орнатуға, университеттің ішкі және сыртқы макроэкономикалық ортадағы болып жатқан негізгі өзгерістерге, бизнес сұраныстарына тез бейімделуге және бәсекелестіктік дәрежесін арттыруға ынталандыру болды.
Үйлестіруші Бимағамбетова Ж.Т. TEMPUS PERSEUS «Білім-Ғылым-Өндіріс» аптасының негізгі мақсаттары мен міндеттері, REDIC ашылуы туралы және жобаның болашақтағы жоспарлары жөнінде ақпарат берді.
Дөңгелек үстел барысында ғылым мен өндіріс арасында ашық диалог болды. Университет пен өндірістік құрылымдардың өзара қарым қатынасы моделін құру мәселесән талқылағанда тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі тауар өндірушілер Ассоциациасының бас директоры Безрукова Нина Семёновна университетпен бірігіп жасайтын шаралар жәнінде нақты ұсыныстар білдірді.
Kookmin Bank өкілі Ханг Сан Донның білімдегі халықаралық серіктестік мәселесі халықаралық үлгідегі сертификат беретін қаржылық технология бойынша кадрларды қайта дайындаумен айналысатын біріккен ғылыми-зерттеу Орталығын құруда бәрінің қызығушылығын тудырды.
“Идеядан өнімге дейін” коммерциализациалау мәселелері ҚазҰУ жанындағы Жану проблемалары Институты бойынша талқыланды. Өзінің баяндамасында З.А. Мансуров зерттеулер негізінде алынған әртүрлі функционалдық қызметке арналған наноматериалдар облысында зерттеулер нәтижесін көрсетті.
POSCO филиалының директоры Қазақстанға басқару компетенциясын дамытудың жаңа стратегиясын ұсынды және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің оқу гранттарын ары қарай ынтымақтастыққа қолдау білдіретінін айтты.
Профессор Дробышев А.С. “ҚазҰУ-дағы инновациялық қызмет – мәселелер, нәтижелер, болашағы” презентазиясында негізгі мәселені “оқу-ғылыми қызметтің нәтижелерін тиімді коммерциализациялау тәжірибесі жоқ мамандандырылған менеджерлер мен ғалымдардың жоқтығынан”көрсетті.
LG компаниясының жоба-менеджері Дмитрий Пак компанияның стратегиясымен таныстырып қана қоймай өздерінің кәсіпорындарында тіл практикасынан өтуді ұсынды.
Доцент Макашев Е.П. ғылыми-қолданбалы зерттеулерге жас ғалымдардың, дарынды студенттердің ат салысуының қаншалықты тиімді екенін айта отырып Алматы қаласы әкімшілігімен өту жақсы зерртеу деп табылған және 200 000 миллион теңгемен сыйақы берілген “Мұнай өңдеу реакторларын жобалаудың бағдарламалық кешені” атты жобаны көрсетті.
Сонымен, үш сағаттай уақытта өткен ашық қарым-қатынас негізінде университет пен өнеркәсіп орындары тиімді қарым-қатынас жасауға келісіп, болашақ тығыз ынтымақтастықтың, білімнің жаңа парадигмасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды өндірістік жетілдіру және әлемдік бәсекелестікке жеткізудің негізін қалады.
ҚазҰУ Баспасөз қызметі