ҚазМұнайГаз бен ҚазҰУ-дың серіктестігі

ҚазҰУ Жұмыс берушілер кеңесінің мүшесі ҚазМұнайГаз жұмысқа орналастыру мақсатында заң және халықаралық қатынастар факультеттерінің 4- курс, магистратураның 1, 2-курс студенттерін іріктейтін болады. Оған қалалық және республикалық университеттік олимпиадаларға, саяси және заң ғылымдар байқауларына, әр-түрлі интеллектуалды және пікірсайыс форумдарына қатысқан; құқықтық ғылым саласында эссе, баяндама және зерттеу жұмыстары жарияланған, ағылшын тілін жетік меңгерген студенттер қатыса алады.
ҚазҰУ-дың Мансап Секторы және Жұмыс берушілер кеңесі университет студенттерін Қазақстанның ірі компанияларынан тәжірибе жинақтауға шақырады. Бұл студенттердің оқуда жинақтаған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға және біліктілігін арттыруға септігін тигізеді.
Мансап секторы
Басқа жаңалықтар

