Астана саммиті – ҚазҰУ назарында

1 желтоқсан, 2010

1 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде Бекмаханов оқу залында ҚР Парламенті халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, мәжіліс депутаты, с.ғ.д., профессор Камал Назымұлы Бұрханов факультет ұжымы мен студенттер қауымына «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астанада өтетін саммиттің қорытындысы» тақырыбында дәріс оқыды.

Халық қалаулысы дәріс барысында Қазақстан ЕҚЫҰ-ғатөрағалық етуде негізгі үш бағытты ұстанғандығын атап өтті. Олар: қауіпсіздік, экономика және экология. Сондай-ақ, сыртқы саяси жағдай, демография, миграция, адам құқығы,әлемді алаңдатып отырғанАрал тағдыры, ондағы балық өндірісін дамытумәселелері де назардан тыс қалмағанын атап айтты.

«Бұл төрағалық өзге елдердің Қазақстанды мойындауына көп әсер етті. Кедендік Одаққа кіруі де еліміздің еңсесін көтеріп жүруге тиіс екендігін тағы бір рет нықтай түсті. Вена, Копенгаген, Санкт-Петербург және т.б. қалаларда өткен дискуссиялық жиналыстардың қорытындысы Қазақстанның35 жылдық тарихы бар ұйым жұмысына көп ілегірлеу әкелгеніндәлелдеп отыр», – дейді Камал Бұрханов.

Кездесу соңында қазақы дәстүрмен факультет деканы халық қалаулысының иығына шапан жауып, ҚазҰУ-дың 75-жылдығына арнайы шығарылған мерейтойлық кітапты сыйға тартты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі