"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
2 желтоқсан, 2010
Шыққанына 12 жылдан асқан көліктерді техникалық тексеруден жылына екі рет өткізіп,
бағаны үш есе арттыру қаншалықты негізді?
Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Мемлекеттік инспекциядан автокөлікті техникалық байқаудан өткізгенде арзан болатын. Енді оның бағасын үш есе көбейтпекші. Демек, осы байқауды өткізетін Көлік және коммуникация министрлігі пайда табуды көздеп отыр. Автокөлікті тек қана байқап көргені үшін соншама ақша төлетудің қажеті бар ма?
Сол сияқты жылына екі рет техникалық байқаудан өткізу де – пайда табудың көзі деген сөз. Ондай кезде жұрттың көбі тексеруден қашады, заң бұзылады. Жемқорлық өрістейді. Сол себепті бұл – әбден ойластырып, талқылайтын мәселе. Әрі техникалық байқаудың бағасын жоғарылатудың да қажеті жоқ.
Гүлнар Ахметова
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024