«How DNA computers will work?»

3 желтоқсан, 2010

30-қараша күні сағат 16:30-да, механика-математика факультетінде шет тілдер кафедрасымен дөңгелек үстел өткізілді «How DNA computers will work?» тақырыбына. Бұл жиынға «Информатика», «Механика», «Математика», «Математикалық компьютерлік пішіндеу» мамандықтарының магистранттары қатысты.

Осы проблема тұрғысында жылдар бойы жұмыс атқарып келе жатқан доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты Щербак В.И., құрметті қонақ ретінде дөңгелек үстелге шақырылды. Ол өзінің кейбір жұмыстарының қорытындысын айта отырып, дискуссияға белсенді түрде қатысты.

Айрықша белсенді қатысқан магистранттар: Шахан Нуртолеу, Булибекова Гульнара, Курочкин Андрей, Искаков Берик, Кудайбергенов Арман, Севрюгин Илья, Артюхин Тимур,Абибулла Айжан, Жолдасова Бибифатима, Абдибекова Айгерим, т.б. Қатысқандардың ешбірі аталған тақырыпқа енжар қалған жоқ. Қойылған сұрақтар көп болды, және де қатысушылар белсенді болды. Шақырылған қонақ Шербак В.И. қойылған сұрақтарға қуана жауап берді.

Жиын ағылшын тілінде өтті.