Шығыстану факультетінде парсы тілі курсы аяқталды

29 тамыз, 2019

29-тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде 20-29 тамыз аралығында өткен Қазақстандағы парсы тілі оқытушыларының біліктілік арттыру курсы өз жұмысын аяқтады. Курстың салтанатты жабылу шарасына доктор Саффар Моқаддам, Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Кебриаизаде мырза, факультет деканы   Ы. Палтөре, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі П. Сүлейменов және Қазақстандағы парсы тілінің оқытушылары қатысты.

Курс барысында оқытушылар парсы тілі, жалпы шет тілдерін оқытудың заманау әдістерімен және шетелдіктерге арналған соңғы жылдары жарық көрген парсы тілі оқулықтарымен танысты. Курс соңында оқытушылар Халықаралық Саади қорының біліктілік сертификаттарын алды.