Мультимемлекеттік TARGET жобасының презентациясы өтеді
13 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде химия факультетінің Малахит залында қазақстандық оқу – орындарының студенттері, магистранттары докторанттары, оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған Европалық комиссияның “Эрасмус Мундус” бағдарламасы аясындағы мультимемлекеттік TARGET жобасының презентациясы өткізіледі. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты Орталық Азия елдерінің жоғары білімі мен экономикалық дамуына қолдау көрсету және де өмірлік стандарттардың өсуіне жанама ықпал ету болып табылады.
Жоба инновациялық жаңа академиялық бағдарламалар мен оқу курстарын дамытуға қайталанбас мүмкіндік беретін көппәнді консорциумды біріктіреді, бұл өз кезегінде ортақ білім негізімен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге студенттерге кәсіби даму қажеттіліктері мен жеке мүдделеріне сай модульдерді таңдап алуға мүмкіндік береді.
Жобаның басты үйлестірушісі - Швецияның Корольдік Технология Институты (КТН). Жобаның жүзеге асырылуымен тікелей айналысушы институт қызметкерлері аталған ақпараттық сессияны ұйымдасдастыру мақсатында арнайы ҚазҰУ–ға келеді. Бұл шара «Эрасмус Мундус» бағдарламасының аясындағы академиялық мобильділік бойынша жаңа жоба бастамасының белгісі болып табылады.
Презентация қызығушылығық танытқан кең ауқымды аудиторияға арналған және екі бөлімнен тұрады: ақпараттық – жоба жөнінде, байқауға қатысудың ережелері, үміткерге деген талаптар т.б. мәселелер жайлы толық ақпарат беру болса, талқылау бөлімінде КТН университетінің өкілдері ақпараттық сессияға қатысушылардың сан түрлі сұрақтарына жауап береді және осы академиялық мобильділік білім жобасында қатысу арқылы TARGET жобасының серіктестері болып табылатын Еуропаның ең үздік оқу-орындарында - Швеция, Австрия, Франция, Италия, Испания және Германияда білім алам деушілерге практикалық ұсыныстар береді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті отандық білімнің флагманы ретінде TARGEТ жобасының Қазақстан бойынша үйлестірушісі болып табылады.Студенттерге, жоғары оқу-орындарының профессорлары мен ғалымдарына арналған архитектура, урбандық және аймақтық жоспарлау, бизнес, менеджмент, білім, инжиниринг, математика және информатика сияқты ауқымды бағыттар бойынша білім бағдарламаларын ұсыну, жоғары білім саласында тәжірибе алмасу, академиялық алмасудың дамуы мен жүзеге асырылуы осы жобаның негізгі мақсаты болып табылады.
ҚазҰУ «Эрасмус Мундус» бағдарламасының академиялық мобильділік бойынша Қазақстанда жүзеге асырылудағы барлық жобаларына серіктес университет ретінде қатысатындығын атап өту қажет және бұл жобалар ғалымдар мен студенттердің халықаралық белсенділігін арттыруға бағытталған, сондай-ақ Болон процессі идеяларымен толық сәйкес келеді.
Презентацияға қатысушыларды қызық әрі күрделі жұмыс күтуде, аталмыш мүмкіндік академиялық мобилділік бойынша ең беделді жобаларда қатысу арқылы еуропалық жоғары білімнің айтулы сапасымен танысуға мүмкіндік береді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі