МакГилл университеті делегациясының сапары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да медицина саласындағы жаңа білім беру бағдарламалары мен технологияларын трансферттеу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Канаданың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николас Брюссо, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин және канадалық МакГилл университетінің делегациясы келді.
Кездесу аясында тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту әлеуетін, сондай-ақ білім беру саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
МакГилл университетінің делегациясы құрамында-профессор, педиатрия факультетінің деканы және Монреаль балалар ауруханасының бас дәрігері Майкл Шевелл. Ол әлемдегі церебральды сал ауруымен ауыратын үшін жетекші сарапшы, ғалым-клиницист және көрнекті медициналық педагог болып табылады. Профессор Аннет Мажнемер, медицина факультеті деканының білім жөніндегі орынбасары - церебральды сал, физикалық және еңбек терапиясы, сондай-ақ коммуникациялық ғылымдар мен шалдығу саласындағы әлемдік сарапшы. Профессор Ларри Си. Лэндс, медицина факультетінің педиатрия департаментінің педиатриялық пульмонология бөлімшесінің директоры, муковисцидоз және өкпені трансплантациялау клиникасының директоры және жүйке-бұлшықет клиникасы әлемдегі өкпенің генетикалық аурулары саласындағы жетекші сарапшы және зерттеуші-дәрігер болып табылады.
Қонақтар ҚазҰУ-дың жеке клиникалық базаларында болып, неврология және медициналық нейрореабилитация, диагностика және Қазақстанның тәжірибелік денсаулық сақтау мамандары үшін емдеудің өзекті мәселелері бойынша халықаралық шеберлік сағаттарын өткізді.
«Біздің алдымызда тұрған маңызды міндеттер – бұл өз кезегінде бірегей нейрореабилитация орталығын құру, тиісті кадрларды даярлау және ғылыми коллаборация. Осының барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «қадамдық қол жетімділік» БЦП бар балаларға арналған шағын және орта оңалту орталықтарын кеңейту қажеттілігі айтылған Жолдауымен өте өзекті. Бұл аспектіде біз МакГилл университетінің жетекші әлемдік сарапшыларымен ынтымақтасуға дайынбыз. Бізге білім беру бағдарламалары, профессор-оқытушылар құрамы үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді курстар қызықты. Біз ҚазҰУ базасында оңалту саласында мамандар даярлау бойынша ғылыми мектеп құру туралы айта аламыз», - деп атап өтті кездесуде оқу ісі жөніндегі проректор Асқар Хикметов.
ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннің айтуынша, осы диагнозы бар балаларды медициналық-әлеуметтік-педагогикалық сәтті оңалту үшін қазіргі уақытта үлкен тапшылықта болып тұрған сапалы дайындалған мамандар қажет.
Сапар аясында «дәрігер-зерттеуші», «медбике-зерттеуші» мамандықтары бойынша магистратураның бірлескен инновациялық бағдарламаларын, «Клиницист-зерттеуші» докторантура бағдарламасын жүзеге асыру, ары қарай МакГилл университетінде ең үздік магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтуі және бірлескен ғылыми жарияланымдарды әзірлеу мәселелері талқыланды.
Ынтымақтастық шеңберінде медицина және денсаулық сақтау факультетінде екі ғылыми-зерттеу тобы құрылды, соның ішінде жасанды интеллектті созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларында пайдалану сөз етілді.
Қазақстандық дәрігерлердің МакГилл университетінде тағылымдамадан, курстардан, резидентура бағдарламаларынан өту мүмкіндігі туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.
Канаданың жетекші халықаралық сарапшыларының қатысуымен Қазақстанның тәжірибелік денсаулық сақтау үшін шеберлік сағаттары мен семинарлар бірлесіп өткізу жоспарланып отыр.