"Қазақ университеті" баспасынан Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының жанындағы «Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» ғылыми жинағының 17 саны жарыққа шығады.
Жинақта медиасауаттылық және медиабілім беру, PR, коммуникация және гуманитарлық ғылымдар бойынша мақалалар жарияланған. Кітапта әртүрлі мемлекет жастарының қызықты шығармалары жазылған «Жастардың ғылыми шығармашылығы» деп аталатын арнайы тарау бар.
17-ші санда - Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалалар жарық көрген.
Бас редактор, профессор Л.С. Ахметова
2019 ж. Қыркұйек