Байқауға қатысыңыздар

13 қыркүйек, 2019

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі бос жұмыс орын байқау жарияланғанын хабарлайды:

Филология және әлем тілдері факультеті деканы;

Экономика кафедрасының меңгерушісі;

Молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі;

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі;

Аналитикалық, коллоидтық және сирек элементтер химиясы мен технологиясы кафедрасының меңгерушісі;

Биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі;

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі;

Картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі;

Органикалық заттар химиясы мен технологиясы, табиғи қосылыстар және полимерлер кафедрасының меңгерушісі;

Шет тілі кафедрасының меңгерушісі;

Жалпы тіл білімі және европалық тілдері кафедрасының меңгерушісі;

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі;

Философия кафедрасының меңгерушісі;

Есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі;

Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі;

Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі;

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі;

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі;

Құжат қабылдаудың аяқталу мерзімі мен уақыты: 2019 жылғы 14 қыркүйек, 18.00;

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (магистратура) және ғылыми дәрежесі, жетекшілік қызметтердегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс, ағылшын тілін; оқу үдерісін реттейтін ҚР БҒМ-ң нормативті құжаттары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын білуі қажет.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1)      жеке куәлік;

2)      қажетті білімді, білік пен дағдыны талап ететін жұмысқа орналасу үшін еңбек келісімшартын жасау барысында білімі, біліктілігі, арнайы білімі мен кәсіби дайындығы туралы құжат (дипломдар мен аттестаттар);

3)      еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

4)      алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) және флюорография мен жеке медициналық кітапша;

5)      адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

6)      өмірбаяны;

7)      ХҚКО-дан мекенжай анықтамасы;

8)      3*4 көлемдегі 1 сурет;

9)      кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы (еңбек кітапшасы бойынша толтырылуы тиіс);

10) біліктілікті арттыру және шет тілін білетіндігі туралы сертификаттардың көшірмелері;

11) ғылыми еңбектерінің тізімі (бар болған жағдайда);

12) алдыңғы жұмыс орнынан мінездеме немесе ұсыныс.

Байқауға қатысушылар университет ректорының атына өтініш жазады (еркін түрде).

Өтінішке байқау туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттар тіркеледі.

Университет қызметкерлеріне де байқауға қатысуға рұқсат етіледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыздар: «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, 377-35-35; кабинет №706