Әлемдік университтердің жаһандық саммиті аясында «Жібек жолы арқылы жоғары білім, мәдениет және технологияның дамуы» тақырыбындағы секциялық жұмыс бірқатар өзекті тақырыптарды талқылады. Шараға профессор Юлия Ебзеева модераторлық жасады.
«KAU дайындық деңгейінің жоғары емтихандары: жетістіктер мен мәселелер" тақырыбында алғашқы болып сөз алған Сауд Арабиясының Абдуль-Азиз патша атындағы университетінің профессоры Хана Альнуаим электронды сынақ тапсыруды жақсарту жолдарымен бөлісті. Ол өз баяндамасында: «Емтиханға дейінгі әрбір сұрақтарды тексеріп, анализ жасауымыз қажет. Сұрақтардың деңгейін, оның түсінікті болуын. Егер бір қате болса, ол бәріне де әсер етеді. Жақсы қортыныды үшін КАУ электронды сынақ тапсырудың нәтижелігін, жарамдылығын жақсартуы керек. Электронды сынақ тапсыру барысында қалаған нәтижеге жетуі үшін де емтиханның бақылау сапасы да үлкен рөл ойнайды»,-деді.
Гонконг Баптист университетінің президенті Роланд Чин: «Этика үйлесімі» тақырыбында әңгімеледі. Ол 70-ші жылдан бері НАСА-ның автоматизацияланған визуалды бақылауында машина және үлгілерді анықтау бөлімінде жұмыс жасаған. Қазіргі таңда, Азиядағы гуманитарлы бағыттағы университеттің президенті болып, ел гуманитарлық білімінде жаңа ренессансты ұсынады. «1. Жұмыссыздық: Жұмысқа не болды?; 2. Теңсіздік: Жасанды интеллект соғысында кім жеңеді, әлем жеңе ме?; 3. Адамгершілік: Машиналар біздің жүріс-тұрысымызға қалай әсер етеді?; 4. Жасанды білімсіздік: Жасанды интелект қате жібере ме?; 5. Расист роботтар; 6. Қауіпсіздік: Роботтарды бұзуға бола ма? 7. Зұлымдық: Робоаттар зұлымгерлерге айналуы мүмкін бе? 8. Ерекшелігі: Адамдар қалай өздерін бақылауда ұстайды?»,-деп баяндамасында ол, жасанды интелектке қойылатын сұрақтарды таразылады. Сондай-ақ, баяндама барысында қазіргі жасанды инттелектің адам үшін пайдалы және қауіпті жақтарына жан-жақты тоқталды.
«Стратегиялық дамуды қолдауға арналған білім» тақырыпта Бейжің педагогикалық университетінің (ҚХР) профессоры Билианг Ху: «Әлемдік деңгейде университет өзіне үлкен рөл алады. Осы мақсатта университет әкімшілігі әртүрлі аспектілерді және функцияларды қызықтыру үшін қолданады. Бұл сессия осы сұрақты қарастыра отырып, университеттің дамуы және жоспарлау стратегиясын ұсынып, 3 түрлі көзқарасты білдіреді. Олар білім, зерттеу және экологиялық ықпал. Осы тұжырымдар университеттің актуалды дамуына көмектеседі»,-деп атап өтті.
Секция жұмысына QS Quacquarelli Symonds Ltd (Ұлыбритания) өкілі Шади Хиджази де қатысты. Ол әлем бойынша университтердегі білім беру жүйесіне қомақты үлес қосқан ғалым. Өз назарын стратегияларға, интернационализацияға, зерттеулерге, маркетинг және брендингке аударды. Оның жұмыстары Таяу Шығыс, Ресей, Малайзия, Филлиппин, Корея, Мексика елдеріндегі университтердің жобаларына қосылған. Сонымен қатар, ол университеттегі нәтижелі жұмыстар және оның сапасы туралы аналитикалық есептер жазған. ҚазҰУ-дағы секциялық жұмыста цифрлық маркетинг негіздері; цифрлық маркетинг; цифрлық маркетинг компанияларының жоспары және релизациялары туралы жан-жақты тоқталды.
Оңтүстік Орал Мемлекеттік университетінің ректоры (Ресей) Александр Шестаков өз униерситетінің мүмкіншіліктерімен бөлісті. «Университет Еуропа мен Азияның тоғысқан белдеуінде орналасқан. Сол аумақ Жібек жолының бір бөлігі болған және де қазір ең жақсы ғылыми, мәдени тәжірибелерді біріктіреді. Интернационализация-университтің негізі болып табылады. Осы негіздер университетті әлемдік деңгейде ғылыми зерттеу және инновация орталығына айналдырады»,-деп атап өтті.
Секция жұмысында айтылған тақырыптың ең маңыздыларының қатарында Жібек Жолы бойындағы мәдениеттер тоғысында ғылым-білімді дамыту, оған жол ашу жолдары талқыланды. Әсіресе, университеттер арасында шет елдік студенттердің білім алуына мүмкіндіктер және оларды сол оқу орнына тарту жолдары, жаңа технология салалары кеңінен қамтылды.