ҚазҰУ базасында кеңістіктік деректер инфрақұрылымы жайында Евразиялық бастамасының «Е-үкіметтен G-үкіметке» атты 5-ші халықаралық конференциясы өтті.
Шараға Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Беларуся, Қырғызстан, Тәжікстан сынды елдерден келген ғалымдар мен тиісті мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты. Әр елден келген сарапшылар Корея, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріндегі кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту туралы айтып, Беларуссиядағы жылжымайтын мүлікті тіркеу және кадастр құру тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ жиында қазақстандық компаниялар мен университеттер жүзеге асырған аймақтық геопорталдар, картография және геодезия саласында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану тәжірибесі талқыланып, 3D-түсірілімнің жоғары сапалы нұсқалары көрсетілді.
Шара соңында ГАЖ, геодезия, цифрлық картография, мобильді сканерлеу жүйелерін қолдану тәжірибесі мен технологияларын Қазақстандағы қалалардың цифрлық нұсқасын құру кезінде енгізу; ГАЖ халықаралық сарапшыларымен тәжірибе алмасуды жалғастыру; цифрлық картография саласындағы заманауи стандарттар мен талаптарды әзірлеуді жалғастыру; ашық карта мәселелерін шешуді жалғастыру; Еуразиялық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру жөніндегі 6-шы халықаралық конференцияның эстафетасын Беларусь Республикасына беру туралы резолюция қабылданды.