ҚазҰУ-дың медицина факультетінің 4 курс студенті Ерғали Әлішер Нұр-Сұлтан қаласында өткен еркін күрестен әлем чемпионатында үздік алты спортшының қатарынан көрінді. Спортшы 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Ширек финалда ол Моңғолия, Ресей және тағы басқа елдерінің мықты спортшыларымен күш сынасты. Қарсыластарымен болған кездесуде қазақстандық спортшы балуандардың біліктілігінің барлық шарттарын орындап, Олимпиада ойындарына лицензиясын жеңіп алды.
Өткізілген жарыстар Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір салмақтағы алғашқы алты балуандар медальдардан басқа 2020-жылғы ойындарда өнер көрсету құқығына ие болады.
Айта кету керек, Қазақстан құрамасының активінде 20 лицензия бар.
Қазақстан астанасында108 олимпиадалық квота ойнатылды. Жарысқа әлемнің 105 елінен мыңға жуық спортшы қатысып, күш сынасты.