Тіл мерейі, ел мерейі

1 қазан, 2019

География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорлогия және гидрология кафедрасының 3 курс студенттернің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл мерейі, ел мерейі» атты табиғат аясында мерекелік іс-шара ойын өткізді.

        Іс-шараны ұйымдастырудың басты мақсаты жас ұрпақты ана тілің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру

         Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы.

         Мерекелік іс-шара табиғат аясында Бірінші Президент паркінде өткізілді. Студенттер дайындаған тіл туралы өанатты сөздерін, мақал-мәтелдерін, зеректіліктерін, шешендік қабілеттерін көрсете отырған танымдық ойындар ұйымдастырды. 3 топқа бөлініп логикалық сұрақтар сайысына, тіл эайлы 4-5 минуттық көрністер көрсетіп, мерекелік іс-шараны жандыра түсті. Әр студент өзінің тіл мәселесі жайлы көз-қарастарын, ойларын жеткізіп, нақыл сөздермен, ұлы жазушылармыздың шығармашылықтармен де бөлісе отырды. Іс-шара өте танымды, қызықты, пайдалы өтті. Жеңімпаз топ арнайы сыйлықтармен мараптталып,естелік суреттерге түсумен жалғасты.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Мусралинова Г.Т., Мунайтпасова А.Н.