Құттықтаймыз! Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!

15 желтоқсан, 2010

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің төмендегі қызметкерлері Мемлекеттік наградаларға ие болды.

«Отан» орденімен:

Зиманов Салық Зиманұлы – з.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, заң факультеті конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен:

Мұсабеков Қуанышбек Битуұлы – х.ғ.д., химия факультеті коллоидтық химия және жоғары молекулалық қосылыстар кафедрасының профессоры марапатталды.

Данаев Нарғозы Тұрсынбайұлы – ф-м.ғ.д., Механика және математика ғылыми зерттеу институтының директоры марапатталды.

Елеуов Мадияр Елеуұлы – т.ғ.д., тарих факультеті археология және этнология кафедрасының профессоры марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы марапат иелерін қуаныштарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, отбастарына амандық тілейді.