Чех техникалық университетінің MIAS Бизнес-мектебімен ынтымақтастық
3 қазан, 2019
30 қыркүйек 2019 жылы Экономика және бизнес жоғары мектебінде Чех техникалық университеті MIAS Бизнес мектебінің өкілімен кездесу өтті. Халықаралық байланыстар жөніндегі кеңсенің басшысы Милош Крежи өз баяндамасында Еуропадағы ең үздік университеттердің бірі болып саналатын Чех техникалық университетінің қызметі туралы жан-жақты мәлімет берді. Кездесуге қатысушы қос тарап арасында әріптестік мәселелері егжей-тегжейлі талқыланып, келесідей бағыттар бойынша жұмыс жүргізу жоспарланды:
- ЧТУ Бизнес мектебінің зерттеуші ғалымдарын ЭжБЖМ докторанттарына кеңесші ретінде тағайындау;
- MIAS Бизнес мектебінің кәсіпкерлік пен инновациялар тақырыбындағы жыл сайынғы жазғы мектебіне қатысу;
- Магистранттарға ғылыми-зерттеу тағылымдамасын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру;
- Халықаралық гранттық жарыстарға бірлескен жоба жазу;
- «Инновациялық менеджмент» және «Жобаларды басқару» білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарларын алмасып, болашақта қос дипломдық бағдарлама жасау мүмкіндігін талқылау.
Еуропаның жетекші университеттерімен серіктестік байланыс орнату Экономика және бизнес жоғары мектебінің халықаралық қатынастардағы басым бағыттарының бірі болып табылады.
Басқа жаңалықтар
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024