Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да партком хатшысының орынбасары Ченг Джоу басшылығымен Шанхай көлік университетінен келген делегациямен кездесу өтті.
Ғылыми-білім беру саласындағы екі жақты әріптестіктің даму перспективаларын талдай келе, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев университет қызметінің бағыттары және әлемнің үздік университеттерімен бірлесе жүзеге асып жатқан халықаралық жобалары жайлы айтты.
Бүгінде ҚазҰУ ҚХР-дың 40 жоғары оқу орнымен әріптестік орнатқан және ол болашақ коллаборация үшін стимул болып, студенттердің қытай тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырып отыр.
Кездесуде тараптар компьютерлік ғылымдар мен технологиялар саласында бірлескен бағдарламалар жасау, Жаңа жібек жолы Альянсы аясында екі жақты қызметтер атқару мәселелерін қарастырды.
«Бірнеше жыл бұрын бастау алған ҚазҰУ мен Шанхай көлік университетінің әріптестігі жемісті сипатқа ие, келесі кездесуде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі саласында, бірлескен жобаларды дамытуда екі жақты мақсаттарға жету үшін мүмкіндіктерді дамытатын нақты ұсыныстар қаралады деген сенімдемін», - деп атады партком хатшысының орынбасары Ченг Джоу.