Атақты шетел ғалымының дәрісі

20 желтоқсан, 2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультетінде желтоқсанның 7-сі мен 15-сі күндері аралығында атақты шетел ғалымдарының бірі б.ғ.д., профессор Стегний Владимир Николаевичтің дәрісі өтті.

Профессор Стегний В.Н. эволюциялық генетика саласының үлкен маманы деп есептеледі. Оның басқаруымен популяция мен түрлер геномының эволюциялық қайта түзілу заңдылықтары және түртүзілудің негізі - табиғи сұрыптаумен қатар, геномның қайта құрылуы екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, маляриямен күресу туралы маңызды практикалық ұсыныстар жасады. Профессордың ғылыми зерттеу бағыттары: эволюциялық биология, молекулалық цитогенетика, популяциялық цитогенетика салалары.

Профессордың дәрісі, әсіресе популяция мен түрлер геномының эволюциялық қайта түзілуді зерттеу заңдылықтары және түртүзілу- табиғи сұрыптаудың нәтижесі сияқты сұрақтар тыңдаушы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.