Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем

3 қараша, 2019

   2019 жылдың 30 қазанында ЭжБЖМ-нің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бойынша деканның орынбасары, Erasmus+ ENINEDU жобасының институционалдық үйлестірушісі Жидебекқызы Ақнұр ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлар Кеңесі, Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесі және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болып табылатын "Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем" атты жаһандық конференцияға қатысты.

   Конференцияның мақсаты: жоғары білім берудің үшінші миссиясын жаһандық әлемдегі университеттерді жайғастыру контексінде талқылау және оларды елдің дамуындағы драйверлер ретінде қарастыру.

    Erasmus+ ENINEDU жобасының командасы ҚР-дағы Эразмус+ ЖБӘК жобаларының постерлік сессиясы кезінде жобаның тұжырымдамасы мен нәтижелерін ұсынды.