ҚазҰУ «Адалдық алаңы» форумының қатысушыларын қарсы алды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Алматыда өткен «Адалдық алаңы» бірінші форумына қатысушылар ҚазҰУ-да болып, еліміздің жетекші университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тәжірибесімен танысты.
Ауқымды форумға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департаменттердің өкілдері мен «Адалдық алаңы» арнайы мониторингтік топтарының басшылары жиналды. Іс-шара аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кампус-тур ұйымдастырылып, ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жетістіктері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары таныстырылды.
Делегация университет мұражайын және ағымдағы қызметтерге бақылау және мониторинг жасау үшін ақпараттарды жинап талдайтын және оперативті шешім қабылдайтын жағдаяттық басқару орталығын (ЖБО) аралады. Инновациялық орталық делегация мүшелеріне үлкен әсер қалдырды.
«Мен еліміздегі жетекші ЖОО-ның ауқымын елестеткен едім, алайда ЖБО мен ойлағаннан да асып түсті, - деді Шымкент қаласындағы «Адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаев. – Бұл жоғары оқу орнының үлкен аумағын бақылауға, аздаған өзгерістерге тез арада жауап беруге мүмкіндік беретін сапалы жаңа, жоғары техникалық деңгейдегі орталық».
Бұдан әрі кампус-турға қатысушылар ислам қаржылық, кәсіпкерлік және қаржылық, биржалық технологиялар, МВА және DBA сияқты орталықтарды қамтитын бизнес-құзыреттілік кластерін аралады. Олар Ұлттық банк, «Астана» АХҚО, сонымен бірге қаржы және биржалық сауда саласындағы шетелдік серіктестермен әріптестік орнатқан.
Әл-Фараби кітапханасындағы ұлы ойшыл-ғалымның мұрасына арналған мұражайдағы экспозиция қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Сонымен бірге қонақтар «Бір терезе» қағидасы бойынша 500-ден астам қызмет көрсететін «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына барды.
«Мен экскурсиядан үлкен әсер алдым»,- деді «Шығыс адалдығы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО бойынша өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Елена Березинская-Абилова. – Республикамыздағы жетекші ЖОО-мен танысуға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. ҚазҰУ-дың техникалық жабдықталуы, педагогикалық құрамы, білім беру процесі, ғылыми әлеуеті өте жоғары. Университет IT-технологияларды енгізу мен конференц-залдарды жабдықтау, студенттерге жасалған жағдай бойынша он жыл алға озған.
Кампус-тур ҚазҰУ-да орналасқан «Адалдық алаңы» және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесімен танысумен аяқталды. «Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен дүниетанымды қалыптастыру – біздің жұмысымыздың басты мақсаты», – деп атап өтті «Саналы ұрпақ» республикалық жобалау кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев. Біздің жоба аясында біз балабақшалар мен мектептерден бастап, жоғары оқу орындарымен аяқтай отырып, барлық оқу орындарымен жұмыс істейміз. ҚазҰУ-дың заң факультетінде ашылған «Парасаттылық мектебі» көрнекті мысал болып табылады. Мыңдаған студент қатысатын «Саналы ұрпақ» клубының қызметі жастарды басты моральдық-этикалық нормалар мен құндылықтар рухында тәрбиелеуге бағытталған».