- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл ауданындағы Бостеріде орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық сауықтыру лагерінде 2 курс биолог студенттердің өндірістік - дала практикасы
Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл ауданындағы Бостеріде орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық сауықтыру лагерінде 2 курс биолог студенттердің өндірістік - дала практикасы

Факультеттің оқу жоспарына сәйкес және № 4-1770 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 27 мамыры мен 15 маусымы аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «5В060700-Биология» мамандығының 2 курс студенттері теориялық білімін практика жүзінде бекіту үшін, оқу тәжірибесін Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл ауданы Бостеріге (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық сауықтыру лагерінде) далалық тәжірибеден өтті. Өндірістік практиканың мақсаты: зерттелетін өсімдіктер мен жануарлар топтарының өкілдерін табиғи жағдайда таныстыру арқылы «өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігі» және «зоология» пәндері бойынша теориялық материалдарды жинақтау. Атап айтқанда, студенттер Солтүстік Тянь-Шань Күнгей Алатауы жотасының флорасы мен фаунасына зерттеу жасап, сонымен қатар Ыстық көлдің альгофлора және гидрофауна өкілдерімен танысты.
б.ғ.к., доцент Шалгимбаева Сауле Мухаметкалиевна
Джумаханова Г.Б.
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы
www.kaznu.kz
Басқа жаңалықтар

