«Түркістан» газеті ұжымының тағылымдық дәрісі

13 қараша, 2019

Құрылғанына 85 жыл толуына орай журналистика факультетінде өткізіліп жатқан «Ұлттық рух ұясы» апталығының кезекті қонағы - халықаралық «Түркістан» газетінің редакциясы.

«Бүгінгі қоғамдағы баспасөздің рөлі және заманауи редакция» тақырыбында факультет оқытушылары мен студенттері алдында сөз алған бас редактор Қуат Әуесбай, бас редактордың орынбасары Бейбіт Тоқтарбай, газет шолушысы Ахмет Өмірзақ бүгінгі «Түркістан» газетінің қызметі, бағыт-бағдары, кейбір проблемалары туралы ашық сөз қозғады.

Ізбасар тәлімгерлер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берген журналистер газет редакциясында алғашқы курстардан тәжірибеден өтіп шыңдалу жұмысқа орналасуда пайдалы болатындығы, ол үшін ізденіс, ең бастысы талап пен талант болу керектігін, ал журналистиканың жүгі қашан да ауыр екендігін баса айтты.

Авторы: Г.С. Өзбекова