Бос жұмыс орындар Жәрмеңкесі-2011 дәстүр бойынша сәуір айында өтеді.
У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер Сарайында 2011ж. сәуір айының екінші бөлімінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бос орындар Жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде уақытша және тұрақты мезгілге жас мамандарды қабылдайтын қазақстандық және халықаралық компаниялар ұсынылады. Қатысушылар жұмыс орындарының ұсыныстарымен таныса алады және түйіндемелерін қалтырып, жәрмеңкенің компания-қатысушылар HR-менеджерлермен әңгімелесуді өте алады.
2011 Бос орындар Жәрмеңкесінің қатысушылар арасында келесі компаниялар: «GSM Қазақстан», «Microsoft Kazakhstan», «Қазатомпром», «Казақмыс», «Самруқ-Қазына» фонды, «Қарашыганақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Кар-Тел», «KPMG», «Халық банкі» АҚ, «Альянс Банкі», «Сбербанк», «ЦентрКредит Банкі», «Ақтөбемұнайгаз», «Аймақтық қаржы орталығы», «Кока-Кола Алматы Боттлерс», мемлекеттік ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары.
Бос орындар Жәрмеңкесінің бағдарламасында: «Кәсіби аумақта табысты мансапты құруы» мастер-классы, «Қазақстандық енбек нарығының қазырғы қалпы және дамуының негізгі бағыттары» атты маркетинг семинары өтеді. «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларды Алматы қаласының жұмыспен қамту Басқармасы ұсынады.Түйіндемелеріңізді career@kaznu.kz адресына жіберіңіз.
Мансап секторы