Жаңадан ашылған «Робототехникалық жүйелер» мамандығы туралы дәріс
02.11.2019 ж. сағат 19.00-де «Механика кафедрасы күндері» іс-шарасының аясында №6 Студенттер үйінде жаңадан ашылған «Робототехникалық жүйелер» мамандығы туралы ашық дәріс сабағы өткізілді.
Дәрісті механика-математика факультеті механика кафедрасының профессор м.а., «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасының координаторы Ж.Т. Жумашевамен және механика кафедрасының оқытушысы Б. Сағитжанов өткізді.
Биылғы жылы, Қазақстанда алғаш рет, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да механика кафедрасының базасында «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасы (бакалавриат, магистратура) ашылды.
Қазіргі уақытта робототехника XXI - ғасырда мемлекеттің ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және қорғаныс әлеуетін айқындайтын ғылымды, техника мен технологияны дамытудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Дәріскерлер "Робототехникалық жүйелер" мамандығының қазіргі заманда кең сұранысқа ие болып отырғандығын және нағыз болашақтың мамандығы екендігін айта келе, "Робототехникалық жүйелер" - механика, ақпараттық жүйелер және электроника салаларын тоғыстыратын пәнаралық мамандық болып табылатындығын да жеткізді.
Дәріс соңында механика кафедрасының студенттері өздерінің ғылыми жобаларын аудиторияға ұсынды:
- «Ақылды қолғап», Убайдуллаев Бауыржан, «Робототехникалық жүйелер» мамандығының 2 курс студенті;
- «KazRoboBot», Дәуіт Ділдәбек, «Механика» мамандығының 2 курс студенті;
- «Delta Robot», Алтынбек Жармұхамет, «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының 3 курс студенті.
Механика кафедрасы
Туралина Д.Е.