Шығыстану факультеті «Үздік ұйымдастырушы» марапатына ие болды

25 қараша, 2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен 23 қараша күні «Музыка-біздің ортақ тіліміз» атты кезекті ән жыр байқауы өтті. Байқауда үш номинация бойынша жүлделер сарапқа салынды. Олар: «Қытай қылқалам каллиграфиясы» байқауы, «Алматы, сәлем!» микро бейне байқауы, «Музыка - біздің ортақ тіліміз» ән жыр байқауы. Байқауда Алматы қаласындағы қытай тілін оқытатын жоғары оқу орындарының студенттері өнерлерін ортаға салды.

Бұл сайыста шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының студенттері де белсенділік танысып, әрбір номинация бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде үш номинация бойынша жүлделі орындардан көрініп, бағалы сыйлықтарға ие болды. Жүлдегерлерді дайындаған жетекші оқытушылар да сыйлықтармен марапатталды. Ал Шығыстану факультеті үздік ұйымдастырушы марапатына ие болды.

Бұл байқау студенттерді қытай тілін, мәдениетін, оның ішінде қылқаламмен каллиграфия жазу өнері мен ән жырын үйренуге ынталандырып, қызығушылықтарын арттыра түсті.