«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны келесі бос жұмыс орнына байқау жарияланғанын хабарлайды:
Әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор кеңесшісі;
Құжат қабылдаудың аяқталу мерзімі мен уақыты: 2019 жылдың 12 қараша, 18.00;
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (техникалық білімі болуы тиіс), жетекшілік қызметтердегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл және құрылыстық инженерлік қызмет саласында тәжірибесінің болуы;
Байқауға қатысуға арналған құжаттар тізімі:
1) жеке куәлік;
2) қажетті білімді, білік пен дағдыны талап ететін жұмысқа орналасу үшін еңбек келісімшартын жасау барысында білімі, біліктілігі, арнайы білімі мен кәсіби дайындығы туралы құжат (дипломдар мен аттестаттар);
3)еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
4) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) және флюорография мен жеке медициналық кітапша)
5) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
6) өмірбаяны;
7) ХҚКО-дан мекенжай анықтамасы;
8) 3*4 көлемдегі 1 сурет;
9) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы (еңбек кітапшасы бойынша толтырылуы тиіс);
10) біліктілікті арттыру және шет тілін білетіндігі туралы сертификаттардың көшірмелері;
11) ғылыми еңбектерінің тізімі (бар болған жағдайда);
12) алдыңғы жұмыс орнынан мінездеме немесе ұсыныс.
Байқауға қатысамын деушілер университет ректорының атына өтініш жазады (еркін түрде жазылған).
Өтінішке байқау туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттар тіркеледі.
Университет қызметкерлеріне де байқауға қатысуға рұқсат етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, 8727-377-35-35; кабинет №706