Қазақстан жоғары оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары журналистикадағы гендерлік көзқарасты қолдайды

28 қараша, 2019

Гендерлік теңдік қағидаттары Қазақстанда белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әл-ФарабиҚазҰУ-дың журналистика және коммуникациялар бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ЮНЕСКО-ның коммуникацияларды  дамыту Халықаралық бағдарламасы мен және Біріккен Ұлттар Ұйымының «БҰҰ-Әйелдер» Құрылымымен бірлесе отырып журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және жаңа медиа пайдаланушылардың гендерлік тұрақтылықты қолдау саласындағы құзыреттілігін арттыруға бағытталған кешенді міндеттерді орындап келеді.

         Кафедраның активтеріне әйелдердің жұмыспен қамтылуы, көші-қон және БАҚ үшін гендерлік-сезімтал көрсеткіштер бойынша зерттеулер жүргізу кіреді. 2018 жылдың қазан айында «Гендерлік журналистика бойынша оқу бағдарламасын күшейту» атты семинар-тренинг жобасы іске асырылды, оның нәтижелері бойынша гендерлік ұстанымдарды ескере отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарында бакалавриатта, магистратура мен докторантурада алты жоғары білім беру курсы енгізілді, гендерлік қырларды қолдану көптеген оқу курстарының мазмұнына таратылды.

Осы жобалардың ажырамас бөлігі журналистика және коммуникацияларбойынша ЮНЕСКО кафедрасының медиа-жаттықтырушылары гендерлік білімді баспа және электронды БАҚ-та, әлеуметтік желілерде оқиғаларды жазуда, пресс-релиздер, бекграундерлер дайындауда кәсіби құрал ретінде байыппен пайдалану мүмкіндіктерін көрсететін аймақтардағы практик-мамандармен өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.  

Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер»Құрылымы кафедрамен бірлесе отырып 2030 жылға дейінгі гендерлік тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) міндеттері мен көрсеткіштерін нақтылады және Орал қаласы (Батыс Қазақстан облысы) мен Қостанай қаласында (Қостанай облысы)БАҚ мазмұнында және редакцияларды басқаруда гендерлік теңдікті сақтау бойынша практикалық дағдыларды кеңейтті. 2019 жылғы қарашада ерлер мен әйелдердің медиада қалыптасқан таптаурын көзқарастан арылуға арналған «Медиа және Тұрақты даму мақсаттары» атты семинар-тренингтердегі топтық жұмыс барысында журналистер қоғамдық пікірді қалыптастыратын және БАҚ-қа қолдау көрсететін образ-бейнелерді ұсынып, Қазақстан жағдайында қандай сапалар шынымен мөлдір болатындығын, қандайларын қоғам әзірге сақтықпен қабылдайтынын түсіндірді. Тұсаукесерлер, интерактивтер, ойындар мен семинарлар менворкшоптар тақырыптары ЮНЕСКО мен «БҰҰ-Әйелдер» материалдары негізіндежасалып, БАҚ қызметкерлерінің гендерлік сауаттылығын кеңейтті.

2018 – 2019 аралығындағы екі жылдық кезеңде 50-ден астам журналистика бойынша ЖОО оқытушылары мен БАҚ редакцияларының қызметкерлері оқытылды.

Міне, сондықтан да ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерін көрсетудегі медиа шеберлікті жетілдіруге көмек көрсетететінБҰҰ халықаралықұйымдарыныңәл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-дың журналистика жәнекоммуникацияларбойынша ЮНЕСКО кафедрасымен ынтымақтастығы жалғаса береді.