ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында халықаралық Жәутіков оқушылар олимпиадасы өтеді

11 қаңтар, 2011

2011 жылы 14 қаңтарда сағат 16.00-де әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында физика, математика, информатика бойынша халықаралық О.Жәутіков оқушылар олимпиадасысалтанатты түрде ашылады. Оған көптеген шетелдік оқушылар қатысады деп күтілуде.

Физика, математика, информатика пәндерінен өтетін Халықаралық Жәутіков оқушылар олимпиадасынәл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелікорталығыжәне О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебібірлесіп ұйымдастырып отыр.

Олимпиадада 16 мемлекеттен 30-дан астам мамандандырылған мектеп топтары қатысады. Олардың ішінде: Ресей, Беларусь, Татарстан, Саха, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Украина, Румыния, Болгария, Түркия, Индонезия, Монғолия мен Нигерия елдерінің оқушылары бар.

Халықаралық әділ қазылар құрамынРесей, Украина, Грузия, Армения, Белоруссия, Өзбекстан, Болгария мемлекеттерінен келген ғалымдар құрайды. Әділ қазылар төрағасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов

Олимпиада бағдарламасы:

14 қаңтар 2011 ж. - Олимпиаданың салтанатты ашылуы;

15-19 қаңтар 2011ж. - іріктеу, енгізу айналымы;

19 қаңтар 2011ж. 12:00 - ҚазҰУ-дың тарихи мұражайы мен жастар интернет орталығына саяхат;

19 қаңтар 2011ж. 16:00 - Олимпиаданың салтанатты жабылуы, ҚазҰУ ректорының грант беру, марапаттау рәсімі.

Мансап секторы