ҚазҰУ түлектері мен студенттері құрама командаларының дәстүрлі жолдастық кездесуі өтеді Farabi University

ҚазҰУ түлектері мен студенттері құрама командаларының дәстүрлі жолдастық кездесуі өтеді

11 қаңтар, 2011

2011 жылдың 15 қаңтарындаҚазҰУ спорткешенінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері мен студенттері құрама командаларының арасында мини-футболдан, волейболдан, бадминтоннан, үстел теннисінен, шахматтан дәстүрлі жолдастық кездесуі өтеді. Бұл турнир 15 қаңтар - Қазақстан ЖОО арасындағы рейтингісі жоғары жетекшіуниверситет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туған күніне арнайы ұйымдастырылып отыр. Жарысқа университет түлектері шақырылады.

Жарыстың бас төрешісі Дүйсембаев Талғат Ноғайбайұлы. Жолдастық кездесу төмендегі спорт түрлерінен өтеді және оған мынадай тұлғалар қатысады деп жоспарланып отыр:

- шахматтан: Булат Асанов – бірінші ұлттық халықаралық гроссмейстер, Қазақстан Республикасының Шахмат федерациясының вице-президенті, Халықаралық шахмат федерациясындағы Қазақстан Республикасының өкілі, журналистика факультетінің түлегі; Елена Рыбакова – Қазақстан Республикасының бес дүркін «Буревестник» чемпионы, шахматтан жаттықтырушы, биология факультетінің түлегі; Сергей Ким – спорт шебері, Алматы қаласының шахмат федерациясының атқарушы директоры, тарих факультетінің түлегі.

- бадминтоннан: Даулеталиев Жомарт – спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының Студенттер құрама командасының бас жаттықтырушысы, география факультетінің түлегі; Абдықалықов Тимур – спорт шеберлігіне үміткер, халықаралық қатынастар факультетінің түлегі; Кенжебеков Камал - спорт шеберлігіне үміткер, филология факультетінің түлегі.

- үстел теннисінен: Бұлыбаев Марат – спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, Универсиаданың абсолюттік чемпионы, химия факультетінің түлегі; Оразбаев Ердәулет - спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасы универсиадасының чемпионы, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі, экономика және бизнес факультетінің түлегі; Серікбаева Әлия – КСРО спорт шебері, қазақ қыздарының арасындағы КСРО-ның алғашқы спорт шебері, Дүниежүзілік «Локомотив» чемпионы, филология факультетінің түлегі.

- мини-футболдан: Мадиев Қасымжан – спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жатықтырушысы, доцент, спортклубының төрағасы, химия факультетінің түлегі; Бүркітбаев Мұқаш - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор, химия факультетінің түлегі; Коротченко Алексей – тарих факультетінің түлегі; Мерзатдинов Ерғали - әскери прокурор, заң факультетінің түлегі; Шүпшібаев Қазбек - б.ғ.к., доцент, биология факультетінің түлегі және тағы да басқалар қатысады.

ҚазҰУ-дың дене шынықтыру және спорт кафедрасы