ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ҚазҰУ-ға Евразия телеканалының бас директоры Сергей Киселев келіп арнайы дәріс оқыды.
«1991 жылдың 1 желтоқсанында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Міне, осынау тарихи күні бүкілхалықтық сайлауда дауыс берушілердің 98,7 даусына ие болып бірауыздан ел Президенті атанды. Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы дәл сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялады. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие. Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы да осы еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болды. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен, ұлтына деген сүйіспеншілікті қажет етеді. Осы жолда ол шынайы егемендіктің негізін қалауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдықтарын анықтауға бар күш жігерін жұмсаған тұлға», – дейді бас директор.
«Қай заманда болмасын қашанда халықты білікті басшы ғана шыңға шығарады. Ал біліксіз басшы шыңырауға түсіреді. Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай еңбек еткен басшымыздың арқасы екені баршаға аян. Сондықтан да еліміздің тізгіні әрқашанда ел келешегін ойлайтын азаматтардың қолында болу қажет» – деді жиынға қатысушылар. Сондай-ақ Евразия телеканалының бас директоры Сергей Киселев сонау 1991 жылдан бері ел тарихында орын алған маңызды оқиғалар мен маңызды шешімдер туралы айтып, студенттерді қызықтырған сауалдарға жауап берді.