Сауд Арабиялық Мәдени атташе Шығыстану факультетінде

6 желтоқсан, 2019

      Сауд Арабиясы Корольдігінің мәдени аттешесі профессор Мұхаммед Али Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіне арнайы іссапармен келді. Мәдени атташе факультет деканы Ықтияр Палтөренің қабылдауында болып, факультет тынысымен танысты. Профессор Мұхаммед Али факультет қабырғасында оқытылып жатқан шығыс тілдерінің соның ішінде араб тілінің қазіргі жаһандану заманындағы интергальдық дискурс құралына айналып отырғанын, бұл өз кезегінде шығыс тілдерін меңгеру мен меңгертудің аса жауапты міндет екенін көрсететіндігін атап өтті.

    Мәдени атташе Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлары, студент, магистрант, докторанттарымен кездесіп, Сауд Арабиясы Корольдігі ЖОО дағы білім беру жүйесінде жолға қойылған озық тәжірибелер мен ағарту саласындағы перспективалық жобалар туралы сөз етті. Сауд Арабиялық мәдени өкіл Мұхаммед Али бұл кездесудің болашақта университетаралық мәдени іс-шараларды бірлесе ұйымдастыруға, екі ел ынтымақтастығын нығайта түсуге алтын көпір болатындығын жеткізді.

    Кездесу соңында профессор Мұхаммед Али Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлары мен араб бөлімі студенттерін Әр-Рияд ЖОО-ында тілдік тәжірибеден өтуге шақырды.