«Қазақ әдебиеті» Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті

12 қаңтар, 2011

«Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне»

24 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның негізгі мақсаты – қазақ азаматтарына ХV ғасырда Асанқайғы қалыптастырып кеткен «Жерұйық – қазақ елінің брэнді» идеясын түсіндіру болды.

Аталмыш шараға Парламент сенатының депутаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім, Парламент сенатының депутаты, Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Қырғызстандағы жағдай бойынша арнайы өкілі Әділ Ахметов, Халықаралық «Диолог-Евразия» қоғамдық қорының президенті Салих Акчай, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің ректоры Сабри Хизметли және басқа да ғалымдар мен саясаттанушылар қатысты. Жиын барысында Ғарифолла Есім, Ақтолқын Құлсариева және Гүлмира Сұлтанбаеваның авторлығымен жарық көрген «Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне» кітабының тұсауы кесілді.