«Физиологияның қазіргі заманғы мәселелері»

7 желтоқсан, 2019

 

 

2019 жылдың 23 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биофизика және биомедицина кафедрасында биология ғылымдарының кандидаты, доцент Асқарова Зифа Асанбайқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Физиологияның қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Асқарова Зифа Асанбайқызы – биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биофизика және биомедицина кафедрасының доценті, 1949 жылдың 16 мамырында дүниеге келген. 1966 жылы Алматы қаласындағы №25 орта мектепті аяқтаған соң, С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың биология факультетіне оқуға түсті, 1971 жылы аспирантурада білімін жалғастырып, 1975 жылы б.ғ.к., доцент П.Т.Тулбаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап шықты. 1975 жылдан бастап педагогикалық қызметі, алдымен табиғатты қорғау және биологияны оқыту әдістемесі кафедрасында аға оқытушы қызметінен басталып, 1980 жылы адам және жануарлар физиологиясы кафедрасына ауысып, ары қарай жалғасты, доцент ғылыми атағы 1984 жылдың маусым айында беріліп, 1984 жылдың маусымынан қазіргі таңға дейін биофизика және биомедицина кафедрасында доцент қызметін атқарады. 1997-1999 жылдар аралығында Адам және жануарлар физиологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

Дөңгелек үстелге студенттер, жас ғалымдар мен ұстаздары және факультет деканы б.ғ.д., профессор Заядан Б.Қ., Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры, б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Бисенбаев А.Қ. қатысты. Дөңгелек үстелде биофизика және биомедицина кафедрасының 2-3 курс докторанттары баяндама жасап, физиология ғылымының қазіргі заманғы мәселелері жайлы тың пікірлер айтылды.

 

Биофизика және биомедицина кафедрасы

 

www.kaznu.kz