Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» республикалық форумы өтті. Форумның салтанатты марапаттау рәсіміне вице-премьер Б.М. Сапарбаев, ҚР білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Ә. Абаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектенов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаров, ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов, танымал қоғам және мемлекет қайраткерлері, студенттер және еліміздің әр өңірінде қызмет ететін жастар қатысты. Жыл сайынғы республикалық шара аясында «Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім» атты үздік студенттік инновациялық жобалар байқауы, «Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істей аламын?» атты үздік эссе жазу, үздік поэтикалық шығарма және патриоттық тақырыптағы әндер байқауы өтеді. жоғары оқу онына дейінгі білім беру факултеті ЖООД білім беру кафедрасының тыңдаушыларының инновациялық жоба және шығармашылық жұмысы көрмеге қойылды.