Ректораттың әр мәжілісі тың бастамаға негіз
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті Ректорат мәжілісі өтті. Әр мәжілісте өзекті сауалдарды талқылауға алып, әр істен нәтиже шығаруды діттейтін университеттің оқытушы-профессорлар құрамы бұл жолы да ғылым және білім кеңістігінің айтулы мәселелеріне көңіл бөлді.
Атап айтар болсақ, мәжілісте Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры А.Қ.Бисенбаев институттың жұмысы жөнінде баяндама жасаса, Ғылыми-зерттеу институтының тыныс-тіршілігін саралаған комиссияға төрағалық жасаған Ж.Ә.Әбілов ҒЗИ жұмысын жандандыра түсу үшін арнайы ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, университеттің спорт саласын жандандыруды талқылаған ректорат мүшелері биылғы жылы жүзеге асырылатын шаралар тізбегін сын тезінен өткізді. Онда дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі А.И.Арещенко Университеттің спорт қызметін клубтық түрде дамыту тұжырымдамасын ортаға салды. Бұдан кейін ҚазҰУ-да 2011 жылыжүзеге асырылатын шаралар тізбегісүзгіден өткізіліп, ақпан айында қара шаңырақ тарихында тұңғыш рет құрылған Ақсақалдар кеңесінің өтінішімен өткелі отырған рухани-патриоттық шараны қалалық деңгейден республикалық деңгейге ауыстыру жолдары қарастырылды. Қазақстан ЖОО араларындағы соны идея куратор-эдвайзерлер мәселесі де назардан тыс қалмады.Ректорат мәжілісінің соңында университет қызметкерлерінің шетелдік іссапарлары туралы есептері де тыңдалды.
P.S. РекторатжиналысындаЭкономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Б.Ж.Ермекбаеваның факультетте жаңа Экономикалық зерттеулер орталығын ашу туралы ұсынысымақұлданды.Деканның айтуынша, орталықтың барлық құжаттарыбір ізге түсірілген, факультет Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі