ҚазҰУ профессоры Бразилиядағы халықаралық семинардың негізгі спикері

15 желтоқсан, 2019

Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы 2019 жылдың 26 қазан мен 2 қараша аралығында Бразилияның университеттік ассоциациясының арнайы шақыруымен Амазония университетінде «Өнеркәсіп 4.0 Тұрақты даму” халықаралық семинарында Өнеркәсіптің университеттердің интернационализациясына әсері” ҚазҰУ мысалында негізгі спикердің бірі ретінде презентация жасады. Бұл семинарға әлемнің отыз елінінің Франция, Швейцария, Англия, АҚШ, Мексика, Перу, Португалия, Италия, Венгрия, Алжир т.б. мемлекеттердің ректорлары мен сарапшылары қатысты. Презентациямен бірге ҚазҰУ дың бейнеролигі де көрсетілді. Сарапшылар мен модераторлар профессор А.С.Сейдикенованың жасаған баяндамасын жоғары бағалап, University 4.0, Smart University, Smart campus университетпен өзара ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қоюды ұсынды.