Батыс Шотландия Университетінен ҚазҰУ-ға профессор Можтаба Мирзаен келді

19 желтоқсан, 2019

Моджаба Мирзаян химия және химиялық технология және физика-техникалық факультетінің PhD студенттер докторлық диссертацияларының шетелдік жетекшісі болып табылады. Профессор М. Мирзаян әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болған кезде бірлескен жарияланымдар жоспарын, ғылыми жобалар мен оқу-әдістемелік материалдар бойынша бірлескен жұмыстар жоспарын талқылау жоспарлануда.

2019 жылдың 4 желтоқсаны мен 31 желтоқсаны аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы проф. М. Мирзаяннің педагогикалық қызметі дәріс оқу және "Өнеркәсіптік бөліну процестерін жобалау және талдау" ("Design and analysis of industrial separation processes") тақырыбы бойынша семинар сабақтарын өткізуден тұрады. Сонымен қатар, магистранттар мен доктаранттарға арналған жоғары импакт-факторлы журналдарға мақалалар жазу және жіберу бойынша кеңес беру сипатындағы бірқатар дәрістер оқылады.

Барлық қызығушылар шақырылады!