Адам құқықтары бойынша магистранттардың оқу-ағарту дәрісі

20 желтоқсан, 2019

Біздің университетімізде, Халықаралық қатынастар факультетінде магистранттармен өткізілген іс-шара өтті. Өз магистрлік прогамма аясында, Адам құқықтары күніне арналған Халықаралық құқық магистрант студенттері  оқыту-тәрбие дәрісін ұйымдастырды. Бұл шараға Қазақстандық Халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының (Бюро) юристі - Куатбекова Гульмира шақырылды. Дәріс беруші әлемдегі және Қазкқстандағы адам құқықтарын қорғаудағы негізгі мәселелерді көтерді, сондай-ақ құқық қорғаушылардың жұмыс ерекшеліктерін және адамдардың қазіргі тандағы мінез-құлықтары туралы атап өтті. Дәріс пікірталас ретінде өтті. Студенттер өз сұрақтарын қойды: адам құқықтарынан бастап құқыққорғаушылық пен дәріс берушінің қызметіне дейін. Дәріске мұғалімдер мен барлық курстын студенттері қатысты. Сонымен қатар, бұл дәріс студенттер үшін өте нәтижелі болды, себебі 4 курс студенттері - Цой Ирина, Сагындыкова Алия Бюраға тәжірибеге, одан соң ерікті ретінде шақырылды. Дәріс беруші декан атынан алғыс хатымен мадақталды. Гульмира Куатбековнаға біздің студенттерге қолдау көрсеткен үшін, қызықты, нәтижелі дәріс үшін өз алғысымызды айтқымыз келеді!