Жас футболшыларға арналған кәсіби бағдар

25 желтоқсан, 2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Қайрат» футбол клубы арасындағы ынтымақтастық аясында, университеттің дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары «Қайрат» футбол академиясының оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараны профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.И.Арещенко, п.ғ.к., доцент, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Ғ.Б.Мадиевa, білім магистрі, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының оқытушысы И.И.Круговых және әлеуметтік ғылымдар бакалавры, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының магистранты А.В.Лавров сияқты білікті мамандар ұйымдастырды. ҚазҰУ оқытушылары тарапынан жасалған бұл шараның мақсаты – «Қайрат» футбол академиясын оқушыларына кәсіби бағдар беру, жоғары оқу орнының қызметтерімен таныстыру.

Кездесу барысында университет өкілдері ҚазҰУ білім беру бағдарламалары және талапкерлерді қабылдау ережелері туралы ақпарат ұсынды, университеттегі оқу процесі және оның инфрақұрылымы туралы жан-жақты айтты. Мұнда оқуға түсіп, білімдерін жетілдіргісі келетіндерге қандай құжаттар жинап, тесттерге қалай дайындалу керектігі түсіндірілді. Университет оқытушыларымен ашық әңгіме сағатында футбол академиясының оқушылары әртүрлі сауалдар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Көпшілігін «Спорт және сауықтыру фитнесі» инновациялық білім беру бағдарламасы қызықтыратынын айтты.

Кездесу барысында ҚазҰУ оқытушылары академия түлектеріне, студенттерге өз мамандықтарын дұрыс таңдауға және жас спортшыларды ынталандыруға көмектесетін спорт саласына бейімделген кинотерапия элементтерімен тренинг өткізді.

www.kaznu.kz